Тарифтер

ТАРИФТІК САЯСАТТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ
Табиғи монополиялар туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 204-VІ ЗРК 8 бабы Уәкілетті органның құзыреті
Уәкілетті орган:
1) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне, осы Заңға және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін мемлекеттік реттеуді жүзеге асырады;
2) табиғи монополиялар салаларында мемлекеттік саясатты іске асырады;
5)тарифтерді қалыптастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
6) табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
7) реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынудың үлгі шарттарын әзірлейді және бекітеді;
8) өтінімді қарауға қабылдайды не оны қабылдаудан бас тартады;
9) Өткізілетін күні мен орны туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабарландыру жариялай отырып, Жария тыңдаулар өткізеді;
10) осы Заңда көзделген жағдайларда тарифті бекітеді;
және өзге де…
Уәкілетті орган: Ұлттық экономика министрлігі табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті.

“Оқжетпес-Т” ЖШС табиғи монополия субъектісі болып табылады.

Негіздеме:
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау Комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің 2016жылғы 27 сәуірдегі № 73-ОД бұйрығына және «Қазақстан Республикасы табиғи монополияларды реттеу Агенттігінің Қарағанды облысы бойынша басқармасының 2006 жылғы 5 қыркүйектегі № 24-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы «Қарағанды облысының Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөлімін бекіту туралы ” бұйрығына сәйкес, “Оқжетпес-Т” ЖШС қызмет түрлері бойынша Қарағанды облысы бойынша табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөліміне енгізілді:

жылу энергиясын беру және тарату,
жылу энергиясымен жабдықтау,
таратушы желілер арқылы су беру,
сарқынды суларды бұру,
электр энергиясын беру және (немесе) тарату.

“Оқжетпес -Т” ЖШС бекітілген тарифтеріне қатысты сұрақтарыңыз туындаған жағдайда, кәсіпорынның кеңсесіне жүгініп, (ЖШС құзыреті шегінде) заңнамада белгіленген мерзімде ресми жауап алуыңызға болады немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау Комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментіне жүгінуіңізге болады.
Құрметті тұтынушылар “Оқжетпес-Т” ЖШС қызметінің тарифін көру үшін төмендегі сілтеме бойынша өтіңіз.