Есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін беру кестесі
2020 жылға арналған электр энергиясын, суық және ыстық суды есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін беру кестесі
2020 жылға арналған кестені жүктеу (Excel форматы)
Көрсеткіштер кесте күніне дейін бір күн бұрын немесе кестеде көрсетілген күні берілуі тиіс. Басқа күндері берілген көрсеткіштер қабылданбайды.
Электр энергиясын есепке алу аспабында үтірге дейін көрсетілген барлық сандарды беру қажет.
Суды есепке алу аспабында көрсетілген барлық сандарды беру қажет.
ЕСКЕРТУ!
Бақылаушы берілген көрсеткіштерді бақылау және салыстыру,техникалық жай-күйін және құжаттардың (паспорттардың, есепке алу аспаптарын орнату актілерінің) болуын тексеру үшін үш айда бір рет есепке алу аспаптарын көруі тиіс.
Су мен электр энергиясын есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін беру тәсілдері:
Автожауапбергіш— 8 (7213) 99-62-58 (тәулік бойы).
Хабарламада келесі деректеріңізді көрсетіңіз:
толық мекенжайыңыз (көше, үй, пәтер); қандай есептеуіш-ЫСЖ (ыстық су), ССЖ (суық су), электр энергиясы; есепке алу аспаптарының орналасқан жері (ас үй, жуынатын бөлме); есепке алу аспаптарының көрсеткіштері.
Электродық пошта E-mail: schetchik-okjetpes-t@mail.ru
Есепке алу аспаптарының көрсеткіштері мен пломбалауға өтінімдерді есепке алу аспаптарын техникалық бақылау бөлімінің диспетчері— 8 (7213) 99-62-63 телефон нөмірі арқылы қабылдайды.
Жұмыс кестесі 8:00 -ден 17:00-ге дейін (12:00-ден 13: 00-ге дейін түскі үзіліс)
WhatsApp +7 (701) 082 56 72 — есепке алу аспаптарының көрсеткіштері мен пломбалауға өтінімдер мәтіндік хабарлама түрінде ғана қабылданады. Қазіргі уақытта бұл нөмір кері байланысқа арналмаған (қоңыраулар, сұрақтар, консультациялар). Хабарламада келесі деректеріңізді көрсетіңіз:
• толық мекенжайыңыз (көше, үй, пәтер); қандай есептеуіш-ЫСЖ (ыстық су), ССЖ (суық су), Электр энергиясы; есепке алу аспаптарының орналасқан жері (ас үй, жуынатын бөлме); есепке алу аспаптарының көрсеткіштері.
“Оқжетпес-Т” ЖШС сайты okjetpest.kz. Ол үшін сол бағанада “Көрсеткіштерді беру” жолын таңдап, оң жақта орналасқан нысанды толтыру қажет.