Есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін қашықтықтан беру жүйесі

Есепке алу аспаптарынан деректерді қашықтықтан беру энергия ресурстарын автоматтандырылған есепке алу жөніндегі бағдарламалық кешеннің құрамдас бөлігі — ЭКЕАЖ болып табылады.

Кәсіпорында ЭКЕАЖ енгізу заңдардың талаптарына және елде жүргізіліп жатқан цифрландыруға байланысты. Автоматтандырылған есепке алу жүйесін енгізу қызмет көрсетушіге коммуналдық ресурстардың дәл есебін ұйымдастыруға және кәсіпорынның шығындарын азайтуға мүмкіндік береді.

Тұтынушыларға ЭКЕАЖ жүйесі коммуналдық қызметтерді тұтыну мен шығындарды бақылауға мүмкіндік береді.

Кәсіпорынның ЭКЕАЖ жүйесіне беру құралдарымен жарақтандырылған есепке алу аспаптарынан берілетін деректер қызмет көрсетушіге де, тұтынушыға да тәуліктің кез келген уақытында қолжетімді.

Бүл жағдайда адамдық фактор мен көрсеткіштерді қате беру мүмкіндігі жойылған.

Бұл жаңалық қандай да бір себептер бойынша аспаптардың көрсеткіштерін, вахталық жұмыс режимі, ұзақ іссапарлар, ауысымдық жұмыс кестесі, есепке алу аспаптарының ыңғайсыз орналасуы мен т. б. себептермен беруге мүмкіндігі жоқ тұтынушылар үшін өте ыңғайлы болады.

Деректерді қашықтықтан беру жүйесін енгізу, тұтынушы үшін қызмет берушіге басқа тәсілдермен тең, көрсеткіштерді беру тәсілдерінің бірі ғана болып табылады.

Тұтынушы көрсеткіштерді бақылаушы арқылы, вацап бойынша, телефон арқылы немесе деректерді беру жүйесі арқылы бере алады және көрсеткіштерді берудің ыңғайлы тәсілін тұтынушы өзі таңдауға құқылы.